Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңызы зор кездесу

2015 жылдың 9 шілде күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Семинар- кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің консультанты Е.Төлепқалиев және «Заман» ЖҚБ төрағасы А.Өкшебаев қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарынмен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірді. Семинарға департамент басшылығы және қызметкерлері барлығы 30 адам қатысты.

Семинар-кеңесте қатысушыларға арнайы жасалған жаднамалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылып, тақырыптық видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылды.

 
0
0
352

Осы тақырып бойынша

Маңызы зор кездесу - Yvision.kz