Маңызды мәселелер
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Вера Ким Павлодар ауданының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді.
Партияның сайлауалды бағдарламасының жеті басымдығы туралы айта отырып, Вера Александровна жастарды жұмысқа орналастыру, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары секілді маңызды мәселелерге жеке тоқталып, ауыл тұрғындарын әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталының жұмысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Үміткерге сұрақтар қойғандардың ішінде Ефремовка мектебінің мұғалімі Қоблан Жоламановтың ауылда көше тренажерларын орнату туралы өтініші келіп түсті. Абаттандыруға қатысты бірқатар сұрақтар қойылды, атап айтқанда, Кеменгер балабақшасының тәрбиешісі оларға орталық жылыту қашан жүргізілетінін сұрады. Вера Ким барлық өтініштер мен аманаттарды жеке бақылауына алды.
Кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК Вера Ким провела онлайн-встречу с жителями Павлодарского района.
Рассказав о семи приоритетах партийной предвыборной программы, Вера Александровна отдельно коснулась таких важных вопросов, как трудоустройство молодежи, меры государственной поддержки начинающим предпринимателям, подробно проинформировала сельчан о работе единого портала социальных услуг.
Среди вопросов от населения кандидату поступило обращение учителя Ефремовской школы Коблана Жоламанова об установке в селе уличных тренажеров. Ряд вопросов касался благоустройства, в частности, воспитатель детского сада Кеменгера поинтересовалась, когда к ним проведут центральное отопление. Все обращения и наказы Вера Ким взяла на личный контроль.
#NurOtan


