Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстауда алғашқы институционалды реформа қызу талқыланды

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында Агенттіктің арнайы жоспарын орындау мақсатында Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадам» ұлт жоспарының алғашқы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бөлімінің талаптарын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдарға арналған жиын өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің басшысы М. Нәлібаев, департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы М. Қадырбек, сондай-ақ облыс әкімі А.Айдарбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты                                        Г. Сейтмағамбетова, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, жергілікті атқарушы, аумақтық және құқық қорғау мемлекеттік органдарының, БАҚ, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шара барысында  департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы М. Қадырбек «Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу», «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру», «Мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды қабылдау  тақырыптарында баяндама  жасады.

Парламент Мәжілісінің депутаты, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары өз пікірлерін ашық білдіріп, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы алғашқы институционалдық реформасына белсенді түрде қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныстарын қызу талқылау барысында  айтып жеткізді.

Іс-шара соңында мемлекеттік қызмет жүйесіне өздерінің ерекше үлестерін қосқан мемлекеттік қызметшілер Агенттіктің «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды және қатысушыларға  тақырыпқа сәйкес арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жалпы бұл іс-шара мақсатына жетіп, қатысушылар өз көкейіндегі сауалдарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

0
0
328

Осы тақырып бойынша