Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстау және Бейнеу аудандарында алғашқы институционалды реформа бойынша кездесулер өткізілді

Ағымдағы жылдың 29-30 шілде аралығында Бейнеу және Маңғыстау ауданының мемлекеттік органдарында Агенттіктің арнайы жоспарын орындау мақсатында Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадам» ұлт жоспарының алғашқы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бөлімінің талаптарын түсіндіру бойынша жиындар өткізілді. Яғни, іс-шаралар Бейнеу ауданы бойынша әділет басқармасында, ХҚКО-да, Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл селолық округінде және Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімдігінде өткізілді.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Бейнеу ауданы бойынша ауданаралық бөлімінің басшысы А. Қайырғалиев және ауданаралық бөлімінің консультанты А. Бегимов қатысты.

Іс-шара «Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу», «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру», «Мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды қабылдау  тақырыптарында баяндама  жасалды.

Жалпы бұл іс-шара мақсатына жетіп, қатысушылар өз көкейіндегі сауалдарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

0
0
338

Осы тақырып бойынша

Маңғыстау және Бейнеу аудандарында алғашқы институционалды реформа бойынша кездесулер өткізілді - Yvision.kz