«Маңғыстау Темір Жолы ҰК» АҚ ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қилыбаев Игілік, Тамара Асар бастаған жұмыс тобы, Мұнайлы ауданы Баянды ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік мәселелер төңірегінде ұсыныстарын тыңдап қайтты.
Аталмыш кездесуден кейін республикалық штаб мүшелері «Маңғыстау Темір Жолы» ҰК» АҚ ұжымымен кездесіп, теміржол саласындағы қолдаушыларын партияға дауыс беруге шақырып сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.
