Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы абоненттерге „Бағдарламалық жасақтаманы жалға алу“ қызметін ұсынады

Абоненттерге ыңғайлы болу үшіні және қаржысын үнемдеу мақсатында Маңғыстау дирекциясы Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жаңа қызмет - бағдарламалық жасақтаманы жалға алуды ұсынады.

Бағдарламалық жасақтаманы жалға алу – бұл ай сайынғы төлем шарттарымен бағдарламалық жасақтаманы қашықтан пайдалану мүмкіндігі. Аталған қызметті пайдаланған абоненттер компьютерге: антивирустық бағдарламалар, «Ата-ана бақылауы», қаржы және бухгалтерлік бағдарламалар, аудио, бейне және фотоны өңдеу мен басқа да пайдалы утилиттер орната алады. http://arendapo.idport.kz/ порталында қызметке қосылып, бағдарламалар каталогымен танысуға болады.

Қосымша ақпаратты Маңғыстау ОТД-ның сервис желісі орындарында немесе 160 нөмірі арқылы алуға болады, қоңырау шалу тегін.

«Қазақтелеком» АҚ-ның

қоғаммен байланыс қызметі

 
1
0
631

Осы тақырып бойынша