Маңғыстау облыстық NurOtan париятсы мүшелері ерекше қажеттілігі бар жандармен кездесті.
Маңғыстау облыстық NurOtan париятсы мүшелері ерекше қажеттілігі бар жандармен кездесті.
Айта кету керек, біздің басты міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндіктерді пайдалану – азаматтарымыздың өз таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты екені рас.
Мемлекет мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, осы арқылы азаматтардың толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге араласуына жол ашады. Біз қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының артуын, сәбилеріміздің бақытты балалық шағын, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қарттарға қамқорлық жасауға ұмтыламыз.
Барлық балаға тең мүмкіндіктер жасау үшін келесідей жоспар жасақталды:
- Біз мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтарының санын арттырамыз;
- Барлық колледждер мен ЖОО-да, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердың 70%-де инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалады;
- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі;
- Мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған балалар – мүгедектігі және асыраушысынан айырылғаны бойынша екі жәрдемақыны бір уақытта алады;
- Жетім жасөспірімдер балалар үйінен шығарылғаннан кейін жұмыспен және үймен қамтамасыз етіледі.
#nurotan
#nurotanaktau
#nurotanmangystau
#jenimpazbol
Берик Ахметов
