Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер ауданның «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», ауылшаруашылық саласының ардагері Теміржан Қожамбетовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты. Алда келе жатқан саяси доданың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
117

Осы тақырып бойынша

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева - Yvision.kz