Мақат ауданының құрметті азаматы Алтаева Дәмен Биханқызымен кездесудің сәті түсті.
Кездесу 📋 «Әр адам білімге ұмтылудан талмай, білгенімен бөлісіп, білмегенін іздену керек»,-деп әңгімесін бастаған өңірімізге танымал,халық ықыласына бөленіп жүрген, өмір, еңбек жолдары өскелең ұрпаққа өнеге, «Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» нақыл сөзін өмірлік ұстаным етіп, әлі күнге дейін ел өміріне белсенді араласып жүрген ардагер мұғалім, халыққа білім беру ісінің үздігі, «Елсана» рухани-патриоттық қауымдастығының аналар алқасы тете төрайымы, Мақат ауданының құрметті азаматы Алтаева Дәмен Биханқызымен кездесудің сәті түсті. 🤝«Халықпен етене араласып бірге болатын, мұң-мұқтажын тыңдай алып, ескеріп, орындауға тырысатын, халықтың қалаулы депутатына айнала біліңдер» - деп қалалық маслихатқа үміткер болып түсіп жатқан 6-топ мүшелеріне Шеркешбаева Б., И. Жанзақов, Ә. Нұрланұлы, Б. Қорған, М. Еркіноваға өз тілегін арнап, ел болашағына деген қадамдарының бір маңызды сатысы болсын деп, ✅сайлауға келетінін айтып жеткізді. ⚜️Тағлымы мол, жүрген жолы өнеге, берер тәлімі оразан зор, ұрпақ тәрбиелеп отырған осындай дана қарияларымыз – еліміздің қазынасы! #nurotanғадауысбер #Atyrau #cайлау #bizbirgemiz #JeńimpazBol
