Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәжіліске депутаттыққа үміткер Еділ Жаңбыршин Zoom платформасында онлайн кездесуі

Елімізде сайлауалды үгіт- насихат кезеңі басталды.

Бүгін Мәжіліске депутаттыққа үміткер Еділ Жаңбыршин Zoom платформасында онлайн - кездесу өткізді. Кездесу барысында 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, үміткердің сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында Ақтау қаласындағы 11 және 12 шағын ауданында тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

"Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынмын. Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды. Сол себепті 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге баршаңызды шақырамын. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!",- деді өз сөзінде Е. Жаңбыршин.

Кездесу соңында қатысушылар сайлауға елдің белсенді қатысуына ат салысатындарын айтты.

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Мәжіліске депутаттыққа үміткер Еділ Жаңбыршин Zoom платформасында онлайн кездесуі - Yvision.kz