Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев аудан кәсіпкерлерімен кездесті
Бүгін, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде “Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
Кәсіпкерлердің сөзінше, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізді және бұл бағдарламада қарапайым азаматтардың қажеттілігі барынша қарастырылып, талап-тілегі ескерілгендігін айтты.
