Мәжілісімендер Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Камасова Зарина Айдарханқызы, Панченко Игорь Иванович Глубокое ауданында болып, Глубокое аудандық орталық ауруханасының еңбек ұжымдарымен және Аудандық Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы мәселелер сөз болды. Қоғамдағы өзекті мәселелерде назардан тыс қалмады бұл туралы халық қалаулары өз пікірлерін білдіріп жиынға қатысушылармен бірге талқылады.

- Бұл кездесудің негізгі мақсаты елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, азаматтарды толғандырған әлеуметтік мәселерді нақты анықтап оның шешім табына ықпал ету. Сонымен қатар Парламент қабырғасында қабылданған заңдарды халық арасында дұрыс түсіндіру. Ең басты атап өтер жайт ол партияның сайлауалды бағдарламасының өңірлерде қалай орындалып жатқандығымен танысу,- деді Мәжіліс депутаты Игорь Иванович.

Сондай-ақ, жиын барысында халық қалаулылары Президент Жолдауының әлеуметтік салаларға арналған бағытты бойынша айта отырып тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.
