Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді
Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды. Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды. Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды. Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат, ал республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мыңнан аса адам немесе барлық нұротандықтардың 84%-ті қатысты. Оның қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізіміне енді. Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды. Партиялық тізімдердің 24%-ін мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар. Бұл ретте партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді. Халықтың белсенді қатысуының арқасында праймериз барысында «Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді. Праймериз қорытындысы бойынша 77 кандидаттар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 1. ЕРЖАН Құдайберген Төлепұлы (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты) 2. АБАСОВ Кайнар Бегалиевич («Хлопкопром – Целлюлоза» ЖШС-нің директоры) 3. ЕРТАЕВ Сырым Махамбетович («Қайып ата» ЖШС-нің директоры) 4. КУРМАНБЕКОВА Гулжан Мамытовна (Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі) 5. БАҚЫТЖАНОВА Мөлдір Бақытжанқызы (Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясы ақпарат және жарнама бөлімінің меңгерушісі) 6. КОЖАБАЕВ Хайрулла Байдильдаевич («Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ Басқарма төрағасы) 7. ДЖУРУМБЕТОВА Улжанат Серикбаевна («Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының бас дәрігері)
