Мәжіліс сайлауына Nur Otan-ның партиялық тізімі бекітілді
Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері – 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.
Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты.
Тізімнің үштен бірі – әйелдер.
Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.
Праймериз қорытындысы бойынша Алматы қаласынан 7 кандидат анықталған:
1. Платонов Артур Станиславович (Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
2. Торгаев Беккали Нургалиевич (Алматы қ. Алмалы ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы) @torgayev.bekkali
3. Сулейменова Жулдыз Досбергеновна («Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДБҰ басшысы) @zhuldyzsuleymenova
4. Кобеева Алтынай Орманкалиевна («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚБ негізін қалаушы, құрылтайшысы, директоры) @kobeevaaltynai
5. Авершин Константин Викторович («Я - Алматинец» қоғамдық қозғалысының лидері) @deputy.avershin.official
6. Ахметов Мади Абылаевич («Jas Otan» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы) @madi_akhmet
7. Шардинов Шухрад Ахметжанович («Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС-нің бас директоры) @shardinov_azmk


