Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді
Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды. Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды. Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды. Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат, ал республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мыңнан аса адам немесе барлық нұротандықтардың 84%-ті қатысты. Оның қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізіміне енді. Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды. Партиялық тізімдердің 24%-ін мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар. Бұл ретте партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді. Халықтың белсенді қатысуының арқасында праймериз барысында «Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді. Утвержден партийный список «Nur Otan» на выборы в Мажилис Партийный список состоит из 126 кандидатов. Из них 77 кандидатов определены по итогам внутрипартийных праймериз, 49 человек по центральной партийной квоте. Из общего списка кандидатов действующие депутаты Мажилиса Парламента составляют не более 20%, представители госуправления – 13%, образования и здравоохранения – 12%, неправительственных организаций – 9% и промышленности – 8%. 28% – это экономисты, 20% – юристы, 17% – предприниматели. 21 кандидат имеют ученые степени, в том числе 10 докторов и 11 кандидатов наук. Почти треть списка – это женщины. Средний возраст кандидатов в сравнении с предыдущим партийным списком снизился на 4 года и составил 48 лет. ⠀ Напомним, что в праймериз партии «Nur Otan» приняли участие более 10 тысяч кандидатов. В общереспубликанском онлайн-голосовании участвовало более 662 тысяч человек или 84% всех нуротановцев. По итогам 6253 человека вошли в партийные списки «Nur Otan»-а в 216 маслихатов всех уровней. Как показал анализ, представленность женщин в региональных партийных списках увеличилась с 22 до 34%, молодежи - в 3,5 раза, с 7 до 24%. Средний возраст по сравнению с действующим составом маслихатов омолодился на 7 лет – с 51 года до 44 лет. ⠀ 24% партийных списков составляют действующие депутаты маслихатов, а 76% - новые лица. При этом в партию вступило более 42 тысяч новых сторонников. Более 1000 из них приняли участие во внутрипартийных выборах, каждый 3-й вошел в партийные списки «Nur Otan»-а. ⠀ Благодаря активному участию населения в ходе праймериз также были обсуждены и приняты 216 предвыборных региональных программ партии «Nur Otan». В них были учтены более 17 тысяч предложений граждан. #NurOtan
