Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров халықпен кездесті

2021 жылдың 06 шілдесінде «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Саиров Ерлан Бияхметұлымен кездесу өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы, Семей қаласының әкімі Байахметов Бакытжан Какенкаджиевич, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Чугунков Олег Васильевич, қоғамдық бірлесіктердің өкілдері, өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кездесу барысынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатына қатысушылар тарапынан Семей қаласына және Парлемент қабырғасында қабылданатын заңдарға және өзгеде әлеуметтік мәселелерге байланысты сұрақтар қойылды.

Атап айтар болсақ, халықтың тұрмыстық жағдайының төмендігі, ақылы жолдар туралы заңның кемшіл тұстары, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер көтерілді

0
0
250

Осы тақырып бойынша

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров халықпен кездесті - Yvision.kz