Мәжіліс депутаттығына кандидат "Oreol LDT" ЖШС ұжымымен кездесті
«Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Зарина Камасова бүгін "Альшемали" сауда үйінде "Oreol LDT" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, Шығыс Қазақстан облысында іске асырылатын 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспарларының бүге-шүгесіне тоқталды.
Сонымен қатар Зарина Камасова өзіне қойылған сауалдарды мұқият тыңдап, әр сұраққа толыққанды жауап берді.
- «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы осыған дейін жүзеге асырылып келе жатқан жемісті реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарламада аса ауқымды жобалар, сан түрлі жаңашылдықтар да бар. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы жолында бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбек етуіміз керек, - деді Зарина Камасова.
