Мәжіліс депутаттарының іс сапары
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанна Телпекбаева мен Жанарбек Әшімжан Райымбек ауданына арнайы іс-сапармен келді. "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы мен аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Гулнара Рауанқызы халық қалаулыларына ауданның әлеуметтік және мәдени тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Мәжіліс депутаттары Нарынқол ауылындағы аудандық орталық аурухана және сервистік әкімшілік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Нарынқол ауылында бой көтерген "Дене шынықтыру - сауықтыру" кешенімен танысты. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Қарасаз ауылында " ORION GROUP LTD " жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатырған "Qarasaz Food" сүт өңдеу өндірісі фирмасының құрылысымен және туризмді дамыту мақсатында орташа жөндеу жұмыстарынан өтіп жатырған Қарасаз-Тұзкөл тас жолының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Барлық нысандардағы құрылыс қарқынына оң бағаларын беріп, ауданның партиялықтарына «Жол картасы» аясында салынатын нысандарға бақылауды тапсырды.
