Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М.Әуезов университетінің студенттері Республикалық қоғамдық штабқа арнайы келді

♾М.Әуезов университетінің студенттері Республикалық қоғамдық штабқа арнайы келді

📍Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің студенттері ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысымен танысу үшін Астана қаласына келді.

⏺Студенттерді Open Space форматында жұмыс істейтін Халықтық коалиция мен өңірлерді үйлестіру орталығымен таныстыру үшін «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек және «Жастар Рухы» жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев қарсы алды.

⏺Дәулет Кәрібек биылғы сайлау науқанының заманауи әдістермен, стратегиялық және мазмұны жағынан ерекшеленетіндігіне тоқталды.

⏺Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құрудың үш негізгі қағидаты: ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ - ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА - ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ құруға негізделген сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жастарға қатысты тұстарына ерекше тоқталды.

⏺Сөз соңында 20 қарашадағы Президент сайлауына белсенді қатысуға және кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырып, жастарға сәттілік тіледі.

⏺Нұржан Жетпісбаев Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына тоқталып, жастарға жасалып жатқан іс-шаларды тілге тиек етті. Сонымен қатар «Жастар рухы» жастар қанатының жоспарларымен бөлісті.

⏺Кездесу соңында Әуезов университетінің студенттері «Жастар рухы» жастар қанатының кеңсесіне көтеріліп, орталықтың қызметкерлерімен танысты. Жастар саяси науқан туралы ойларын айтып, пікір алмасты.

@Toqaev2022

@tokayev_online

@askhat_oralov

@b.akkozhina

#Toqaev2022

#ДауысберТоqaev2022

#ГолосуйЗаToqaev2022

0
0
205

Осы тақырып бойынша

М.Әуезов университетінің студенттері Республикалық қоғамдық штабқа арнайы келді - Yvision.kz