Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«М.Әуезов» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы онлайн форматында өтті.

Бүгін 19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының «М.Әуезов» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы онлайн форматында өтті. Күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;

2. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.

«М.Әуезов» БПҰ-ның төрағасы Қ.Медеуовтың есебі тыңдалды. Партиялық жобалар аясында өткізілген шаралар туралы айтылды. Екінші мәселе бойынша 28- сәуір күні онлайн форматында өтетін аудандық конференцияға делегаттар сайланды. Жыл сайын 1-қазан Халықаралық қариялар күніне орай аудан орталығында орналасқан мекеме, кәсіпорындар қариялардың үйлеріне барып құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынып келеді. Сонымен қатар Қарттарымыз қазнамыз атты дөңгелек үстел, кездесулер, мерекелік іс-шаралар өткізілді. 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтілді. «Бар жақсымыз балаларға» дегендей дәл осы күні демеушілер тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына немесе мүгедек балаларға жан-жақты көмектер көрсетілді. Азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне өз үлесімізбен қызмет ете беретін боламыз.

0
0
196

Осы тақырып бойынша

«М.Әуезов» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы онлайн форматында өтті. - Yvision.kz