Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М.Т. Мұратбеков облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларымен өткен кеңесте сөз сөйледі

2019 жылы 4 ақпанда сағат 10.00-де Қостанай облысының әкімдігінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков «2018 жылға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметі туралы» баяндамамен облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының қатысуымен өткен кеңесте сөз сөйледі.

Департамент 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 12-сі республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындауға байланысты және 1 қызмет мүгедектікті белгілеу. Орташа жыл сайын Департамент шамамен 60 мың мемлекеттік қызметті көрсетеді (2018 жылға – 58 450 мемлекеттік қызмет).

Сонымен, 2014 жылдан бастап Департамент мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Барлығы Департаментпен РБ қаражатынан жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 33 түрі тағайындалады. 2018 жылға Департаментпен 56 мың жаңа тағайындаулар тағайындалды.

Облыста ағымдағы жылы 01 қаңтарда 28 мың мүгедектігі бар адамдар тұрады. 2017 жылмен салыстырғанда (27 831) мүгедектер саны 182 адамға көбейді. Біздің облыс бойынша мүгедектердің үлес салмағы 3,2% орташа республикалық көрсеткішпен 3,7%-ды құрайды (ҚР-680 025 мүгедектер). Ең көп үлес салмағы Түркістан, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстары, аз Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Бүгінгі күні республикада мүгедектігі бар тұлғалар үшін қолжетімді, кедергісіз орта құру жөнінде мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Облыста 2014-2018 жылдарға арналған мүгедектердің қажеттіліктеріне арналған нысандарды бейімдеу бойынша өңірлік жоспарды жүзеге асыру аяқталды.

Барлығы осы кезеңге 1 166 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде алдыңғы жылға 179, олардың ішінде қалалар мен аудандар әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінгі күні барлық нысандар бейімделді.

Мемлекеттік бақылау аясында Департамент өткен жылға халықтың қауқары аз топтары үшін объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәніне 74 жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Шамамен 150 бұзушылықтар анықталды.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 32 субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, жалпы сомасы 4 266 мың теңгеге 20 әкімшілік айыппұл салынды және 57 нысанда қол жеткізу қазірдің өзінде қамтамасыз етілген. Қалған нысандар бойынша бар ескертулер жойылады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша айыппұлдарды өндіріп алу 100%-ды құрады. 2018 жылға 3 496 мың теңге өндіріп алынды (82%) және 769 мың теңге мөлшеріндегі айыппұлдардың қатары бойынша ерікті түрде орындау мерзімі әлі аяқталмаған.

Жалпы, Департаментке жүктелген міндеттер мен қызметтер уақтылы орындалады және тұрақты бақылауда.

0
0
252

Осы тақырып бойынша