«Мұстафа Шоқай». Тарихи драма («Қазақфильм», 2008 ж.)
Фильмде елінің азаттығын аңсаған халық перзенті Мұстафа Шоқайдың ғұмыры, саяси өмір жолы, шет елдердегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскенде көрген қиыншылықтары суреттеледі. Елін ойлаған ердің сүйікті жары, опера әншісі Мария Горина жолдасының жанын түсініп, қашанда оның қасынан табылады.
