Мәслихат депутаттығына үміткерлердің дәрігерлермен онлайн форматта үгіт-насихат кездесуі өтті
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің дәрігерлермен онлайн форматта үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесуге Хамидуллина Зайтуна Ғаділқызы - №3 көпсалалы қалалық емханасының бас дәрігері, Тулеуханова Ләззат Мұратқызы – «Технологиялық колледж» бас директоры және Жапарова Гүлжамал Алкенқызы – «Тұран-Астана» университетінің ректоры және Байсеркина Динара Сәтжанқызы - №6 қалалық емхананың бас дәрігері, Сүлейменов Ерлан Мельсұлы - ЖШС «КДЛ ОЛИМП» бас директоры, Уразалина Динара Аманболқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық ауруханасының директоры қатысты.
Кездесу барысында үміткерлер медицина өкілдерімен тиімді диалог құра алды, олар өз қажеттіліктері туралы айтты. Олардың ұмтылыстарын естіген үміткерлер, өз кезегінде, сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында партияның алдағы жоспарларымен бөлісті.
