Мәслихат депутаттығына үміткер Мухаева Айгүл Мұратхановна азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Бүгін 23 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Марқакөл ауылдық клубында мәслихат депутаттығына үміткер Мухаева Айгүл Мұратхановна азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауда Марқакөл ауылының тұрғыны Қайсарова Айгерим көпбалалы анларға жағдай жақсы жасалынып жатыр,ұстаздар бала күтіміне отырғанда, 1 жылға төленетін ақшасы 3 жасқа дейін төленсе деген өтініш білдірсе, Шыныбаева Айгуль жалғызбасты ана ретінде үй берілсе және Данаева Асем жеке психологтар кабинеті немесе орталық онлайн режімді жетілдірсе деген өтініштерін қалдырды.
Ұсыныс, өтініштер тиісті мекемелерге жолданатындығы туралы айтып түсіндірді.
