Мәслихат депутаттығына үміткер Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
2020 жылы 22 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаттығына үміткер Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауда Бұғымүйіз ауылының тұрғыны Аубакиров Амангелді көшемізге бұрынғы тартылған көше шамдарын дұрыстап, қайтадан жаңа бағандар орнатып жарықтандырылса, Күршім ауылының тұрғыны Қабанбаев Мұрат мал өсіруге арналған мемлекеттік грант берілсе деп сауал жолдаса, Ақши ауылының тұрғыны Абылкайыров Болат шаруа қожалықтарының малына бруцеллезға қарсы вакцина жасауға өз есебінен келісім бередіде, тұрғындардың малдарына келісім бермейді, біздің ветеринарлармен шешіп берсеңіз деп өтініштерін қалдырды.
