Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәслихат депутаттарының спортты дамыту мәселелерді талқылау бойынша спортшыларымен кездесуі

2020 жылдың 21 қазанында Шыңғырлау ауданында бұқаралық спортты дамыту үшін ауқымды жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, бұған спортшылардың нәтижелері де дәлел. Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларымен кездесуге аудандық маслихат депутаттары С.Е. Байтенова, Г.С.Волкогон келді. Кездесу спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылауға арналды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтын және адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидатын мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі.

Біздің міндетіміз- дене шынықтыруды жалпыға ортақ мәдениеттің бір бөлшегі ретінде дамыту. Ал спорт әр балаға қол жетімді болуы керек. Себебі спорт денсаулықты нығайтып, адамның күш-жігерін жағып, мінез-құлқын қалыптастырады,- деді "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова.

0
0
179

Осы тақырып бойынша

Мәслихат депутаттарының спортты дамыту мәселелерді талқылау бойынша спортшыларымен кездесуі - Yvision.kz