Мәселелі сұрақтар бойынша тұрғындармен кездесу
Ақкөл ауданының басты және алаңдататын сұрақтарының бірі, азаматтарды жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері мен тұрғын үймен қамтамасыз ету сұрағы.
Мәселелі сұрақтар бойынша АПФ төрағасының бірінші орынбасары Умербаев Бауыржан мен Ақкөл ауданының ТКҚ бөлім бастығы Михаил Воросинмен бірлесіп тұрғындармен кездесу өткізді. Михаил Воросинның айтуынша тұрғын үй беру тізімінің кезегінде 1410 адам тұр. Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының аясында Ақкөл қ. 18, ауданда Иманова кошесі бойымен 45 пәтерлі 5 қабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй алуға «Жилстройсбербанк» АҚ салымшылары мен бірінші кезектегі тізім бойынша мұқтаж отбасылар өтініш білдіре алады, сонымен қатар Иманова 20 көшесі бойымен 45 пәтерлі коп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Уйдің құрылысы 2020 жылдың қыркүйек айында басталды және аяқталуы 2021 жылдың тамыз айына жоспарланған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйлерді бөлу жергілікті атқарушы органдармен кезек бойынша тұрғын үй немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген уйге мұқтаж, азаматтарды тіркеудің бөлек тізімдерімен белгіленген, жеке тұрғын үйлерде жергілікті атқарушы орган жалға алғандарға беріледі.
Жеке үй салу құрылысы үшін жер учаскелерін алу кезегінде 1791 азамат тұр, олардың 1634-і Ақкөл қаласында. Ағымдағы жылы кездесулерде аудандық жер комиссиясымен 242 жер учаскелерін беру қаралды, бұл жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу тізімін аудан бойынша 1549 азаматқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
