Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұрат Мұқаевтын медицина саласы қызметкерлерінің мерекесімен құттықтауы

"Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының медицина саласы қызметкерлерінің мерекесімен құттықтауы

"Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі екені баршамызға белгілі.

Осынау атаулы мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

Құрметпен,

"Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Мұрат Мұқаев."

0
0
156

Осы тақырып бойынша