Yvision.kz
ru
Разное
399 774 жазбалар42 тіркелуші
Всяко-разно
0
13:12, 03 наурыз 2021

Мұрат Мұқаевтың Жаңақала аудандық колледжін аралап, жұмысымен танысты

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың Жаңақала ауданына жұмыс сапары кезінде Жаңақала аудандық колледжін аралап, жұмысымен танысты. Қазіргі таңда колледж заманауи материалдық техникалық құрал – жабдықтармен жасақталып, техникалық бағыттағы мамандық иелерін дайындап келеді.

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. Аталған жобаның негізгі мақсаты - сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша колледж бен Жоғарғы оқу орындарын жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу болып табылады. «Жас маман» жобасын жүзеге асыру ережелері, механизмдері 2019 жылдың 27 қыркүйек күні қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №425 бұйрығымен бекітілген. Бұл жоба аясында 180 колледж бен 20 жоғарғы оқу орнын қайта жаңғырту қарастырылған. Оның ішінде метериалдық – техникалық базасын жаңғырту және оны жетілдіру, кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары бар. 2020 жылы Жаңақала колледжі де аталмыш жобаның грантына ие болып, бүгінгі таңда жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

@murat.mukayevNur OtanБауыржан Байбек

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0