"Мұнайшы" спорт кешенінде "Каспий" футбол клубы ұжымымен кездесті.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Еділ Жаңбыршин, қалалық депутатыққа үміткерлер Гани Абдисадыков жәнеЕрген Сыражан "Мұнайшы" спорт кешенінде "Каспий" футбол клубы ұжымымен кездесті. Шара барысында спортшыларға Nur Otan партиясының болашаққа арналған бағыт-бағдарын баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.Сондай-ақ, өңірдегі спорт саласына қатысты жүзеге асатын жұмыстарды талқылады.


