Мұнайлы ауданының ХҚКО қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы және 5 институционалдық реформа жөнінде семинар өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 тамызында Мұнайлы ауданының Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының жауапкершілігі туралы семинар өткізілді.
Семинар барысында аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Сұлтан Сахан іс-шараның мақсаты, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР ПрезидентініңХалыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.
Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kzсайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, сауалнама жүргізілгеннен соң, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

