Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайлы ауданындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу

Үкіметтік емес ұйымдар – мемлекетіміз үшін маңызды әрі жылдан жылға маңызы артып отырған сала болып келеді.

Осы орайда ҚР Парламенті мәжілісінің депутатығына үміткер Самат Мұсабаевпен және басқа да партиялас әріптестеріммен бірге Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде Мұнайлы ауданындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген 7 басым бағыттың әрқайсысына жеке тоқталдық.

Кездесуде елімізде белсенді жастар көп екенін және олардың одағымен жұмысты дамыту мәселесі өте өзекті екенін атап өттік. Жастар - қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша кез келген пікірталастың темірқазығы болуы тиіс.

Кездесу соңында "Nur Otan" партиясының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, ҮЕҰ өкілдеріне партияның сайлауалды үнпарақшаларын таратып, әр азаматты сайлауға қатысуға, сайлауда еліміздегі жетекші партия "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдық.

#NurOtan

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйзаNurotan

Ospan Kazakhbayev

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Мұнайлы ауданындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу - Yvision.kz