Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы “Сауқымбек” ЖШС ұн тарту комбинаты қызметкерлерімен кездесу

Ақ дастарханымыздың сәні мен дәмін кіргізер бағалы ас – нан десек, сол нанның әзірленуіне қажет бірден-бір зат ұн болмақ. Бүгінде елімізде ұннан түрлі тағамдар даярлайтын кәсіпорындар, цехтар жұмыс істейді. Солардың бірі Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы “Сауқымбек” ЖШС ұн тарту комбинаты.

Осы орайда, Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерекесі аясында ашылған Комбинат тәулігіне 120 тонна жоғарғы және бірінші сұрыпты ұн шығарып, 70 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда аталған кәсіпорын халық тұтынатын тауарларды өндіру, өңдеу және сату жұмыстарымен айналысып келеді.

“Сауқымбек” ЖШС өнімдері сапасы жағынан жоғары саналып, үлкен сұранысқа ие болуда.

Кәсіпкерлігіміз дамып, азаматтарымыз елдің, жердің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

#nurotan

#nurotanmangystau

#nurotanaktau

#kazakhbayevospan

0
0
185

Осы тақырып бойынша