Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнай шығару саласындағы онлайн-бақылаудың бірыңғай жүйесі

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің  Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 маусымдағы №484 «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына өзгертулер мен қосымшалар еңгізілуі туралы хабарлайды. 2017 жылдан бастап Қазақстанда мұнай шығарудың әр мұнай орындары мен ұңғымаларында кейінгі автокөліктерге жанармай құю станциясына дейін тасымалдауды қадағалау мақсатында  онлайн-бақылаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады.

Осы қаулы  мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарларынан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер үшін- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізуді қоспағанда, мұнай өнімдерін жанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізушілер үшін- 2017 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес есепке алатын бақылау аспаптарын мониторинг жұмыстары қарастырылған. Есепке алатын  бақылау аспаптары мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған мұнай өнімдері  өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы уәкілетті органдарға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, ҚР өлшемдерінің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғы болып табылады.

Мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамасын өлшейтін есепке алатын бақылау аспаптары сыйымдылық шамасында мұнай өнімдерін құйылуын қашықтан бақылауға арналған стационарлық деңгей өлшеуіштері, түрлі типтегі шығыс өлшеуіштері мен қосалқы қондырғылар жатады.

ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік өлшем бірлігін  қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркелген және қолдануға жіберілген есепке алатын бақылау аспаптары жіберіледі. Бұл құралдар деректерді интернет және телефон желісі арқылы жіберіп іркіліссіз қуат көзімен қамтамасыз етіледі. Рұқсат етілмеген кіруді болдырмау үшін уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ЕБА орнатылатын жерлерді пломбалайды.

1
0
860

Осы тақырып бойынша

Мұнай шығару саласындағы онлайн-бақылаудың бірыңғай жүйесі - Yvision.kz