Мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары басты назарда
"Ақжайық – Адалдық аланы" жобалық кеңсесінде БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізді. Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды кресло-арбалармен қамтамасыз ету, санаторий-курорттық емдеумен, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен уақытылы қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
