Мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналарымен кездесті
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қармақшы аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мамандары және мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналарымен кездесті.

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүрудегі ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиынға қатысушылар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.
«Қазіргі күні түзету кабинетінің ауқымы кеңеюде. Осыған орай бізге келушілердің қатары да көбейіп келеді. Өз кентімізден бөлек ауылдардан қатынайтындар бар. Бізге осы балаларды тасымалдайтын көлік жағы қиындық туғызуда. Осыған дейін де «Nur Otan» партиясы бізге көп көмек көрсетіп келді. Енді осы көлік мәселесінде шешуге көмектессеңіздер», – деді түзету кабинетінің меңгерушісі Л.Мусаева.
«Nur Otan» партиясы «Кедергісіз келешек» жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсетуде түрлі шараларды іске асырып келді. Алдағы уақытта айтылған ұсынымдар өз кезегінде қаралатынын жеткізді.
