ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайы зерделенді

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жүзеге асырылуы аясында қоғамдық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін анықтау үшін партиялық рейд жүргізді. Комиссия мүшелері өткен жылы Тараз қаласы аумағында орнатылған жаңа үлгідегі 25 аялдаманың бірқатарын аралап көрді. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Мұрат Кәрібаев жаңа үлгідегі аялдамаларда биыл пандустар орнатылып, жарықтандыру жүргізілетінін жеткізді. Комиссия мүшелері бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті пандустар орнатылған аялдамалардың жағдайымен танысып, оларға қатысты сын-ескертпелер айтты. Мұнан бөлек қоғамдық көліктердің ерекше қажеттілігі бар азаматтардың мініп-түсуіне, еркін қозғалуына ыңғайлылығы тексерілді. Жұмысшы топ Тараз қаласындағы теміржол бекетінде болып, нысанның мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетудегі мүмкіндіктерін зерделеді.

Келер аптада партиялық рейдтің қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтеді. Тараз қаласы әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшылары мен аялдамаларды орнатуға жауапты мердігерлермен өтетін жиында қоғамдық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі мәселесі кеңінен талқыланбақ.