Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік–маңызды бағыттарда 50 % көлемінде жеңілдік берілді
2019 жылдың 28 тамызынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жолаушылар тасымалы, қол жүктері, жүктер мен пошта жөнелтілім ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы күшіне енді. «Атап айтқанда, бұл өзгерістер заңсыз билет алыпсатарларға қарсы бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Ол ең алдымен жолаушылардың ұйымдастырылған тобының жол жүруі мен рәсімделуіне қатысты. Енді заңды тұлғалардан тапсырысты заңды тұлғаның электронды-цифрлық қолы бойынша рәсімдеуге болады, билет бұрынғыдай топтың барлығын бір бланкта емес, әрбір жолаушы бөлек рәсімделеді. Резервке қойылған орындарды сатып алу мен тапсырыс беру мерзімі де өзгертілді. Жолаушылардың ұйымдасқан тобының алғашқы тізіміне өгерістер енгізу бойынша шектеу бар. Қайтарылмайтын депозит көлемі топтың жалпы жол жүру құнының 30% құраса, бұрындары бір орынды резервке қоюға 290 теңге көлемінде алым алынатын»- деп хабарлады Компания ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Бұдан басқа, барлық топтағы мүгедек тұлғаларға, сондай-ақ мүгедек-балаларға қатысты ережеге өзгерістер енгізілді. Оларға әлеуметтік–маңызды бағыттарда жол жүру құжатының (билеттің) 50 % көлемінде, ал коммерциялық бағыттарда – тасымалдаушының қалауына қарай жеңілдік берілді. Жолаушылар пойызында темекі тартуға қатаң тыйым салынды. Жолаушының сапардан бас тартуымен байланысты жол жүру құжатын (билетті) қайтару операциясы үшін 1000 теңге көлемінде алым алынып тасталынды.
Материал «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтынан алынды: https://temirzholy.kz/o-kompanii/istoriya-kompanii/
Для лиц с ограниченными возможностями предусмотрены скидки в размере 50 % на социально-значимые маршруты
С 28 августа 2019 г. вступил в силу приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития РК о внесении изменений в Правила перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом. «Изменения в правила направлены в первую очередь на искоренение незаконной скупки и перепродажи проездных билетов. В частности, это касается оформления и проезда организованных групп пассажиров. Теперь заявки от юридических лиц можно оформить по электронно-цифровой подписи юридического лица, билет будет оформляться на каждого пассажира по отдельности, а не на всю группу на одном бланке, как это делалось ранее. Изменены сроки подачи заявки и выкупа зарезервированных мест. Есть ограничения по внесению изменений в первоначальный список организованной группы пассажиров. Размер невозвратного депозита составляет 30 % от общей стоимости проезда группы, тогда как раньше был только сбор за резервирование мест в размере 290 тенге за одно место» - отметил официальный представитель Компании Диас Ахметшарип. Кроме того, в Правила внесены изменения, касающиеся проезда лиц всех групп инвалидности, а также детей-инвалидов. Им устанавливается льгота на проезд по социально значимым сообщениям в размере 50 % от стоимости билета, а по коммерческим маршрутам - по усмотрению перевозчика. Также запрещается курение в пассажирских поездах. Отменяется сбор в размере 1000 тенге за операцию возврата проездного документа (билета) в связи с отказом пассажира от поездки.
Материал получен с официального сайта АО «Пассажирские перевозки»
https://temirzholy.kz/o-kompanii/istoriya-kompanii/
