Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық-қоғамның қасиетті парызы!
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық-қоғамның қасиетті парызы!
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың тіршілік ету сапасын жақсарту-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахметова Анар Садыққызы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Инватакси қызмет атқару жұмысының жай күйін көрді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың белсенділіктерін арттыру мақсатында «Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Жуалы ауданында 107 мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызметі күнделікті түскен тапсырыс шеңберінде жұмыс жасайды. Аталған қызмет көрсету мекемесінің қызметкерлерімен сөйлесе келе, қызметтің сапасы мен желісін кеңейту аясында ұсыныстар беріп, атқарылылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
