Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелері қаралды
Іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы аналитика бөлімінің маманы Жақсылық Арыстанбекұлы Рыстанбек жүргізді.

Биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша 965 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Атап айтқанда, 159 азамат тегін кәсіптік оқуға жіберілсе, 2 азамат Кәсіпкерлікті қолдау жобасы бойынша несие алып, 39 азамат Бизнес бастау жобасымен мемлекеттік грантқа ие болған. Сондай-ақ, 271 азамат уақытша жұмыспен қамтылып, 220 азамат 16 мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылған. Мұның бәрі атаулы мекеме атқарып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын аңғартады.
