Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі талқыланды

Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші. «Nur Otan» партиясы ШҚОФ жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары. Екінші. Партияның сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы өңірлік Жол картасының индикаторларын іске асыру туралы. Үшінші. Мүмкіндігі шектеулі балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға кешенді көмек көрсету тетігіндегі проблемалар талқыланды.

2021 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектормен 264,3 млн. теңге сомасына арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылды. 2022 жылға жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж адамдардың жалпы қажеттілігі 1148 адамды құрайды, іс жүзінде 338,6 млн.теңге сомасына 1004 адам қамтылды, оның ішінде жартылай стационар жағдайында 179,3 млн. теңге сомасына 291 адам қамтылып отыр» -дейді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мусинова Альмира Аскерхановна.

0
0
243

Осы тақырып бойынша

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі талқыланды - Yvision.kz