Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселесі көтерілді
Бүгін саяси кеңес қаржы мамандарымен кездесіп, мүгедектерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде кеңейтілген талқылаулар жүргізді.
Кездесуде Орал қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күнделікті тыныс-тіршілігінде, қала ішіндегі қозғалыстарында жиі ұшырасатын басты мәселелері талқыланды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Ерлан Ғалиев өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға осы уақытқа дейін мемлекеттік қолдаулардың қандай түрлері көрсетіліп келгендігін, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмектер мен жеке кәсіп ашудағы басымдықтар туралы толығырақ айтып өтті.
Аталмыш кездесуге қатысушылар жиын барысында қаламыздағы кейбір қоғамдық орындардағы қолайсыздықтар – мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін әлі күнге дейін мәселе болып отырғанын жеткізді. Нақтырақ айтар болсақ: - Кейбір аялдамалар мен мекемелерде, азық-түлік дүкендерінде пандустардың болмауы және көтергіш жолдары жоқ ескі автобустар мәселелері, сонымен қатар демалыс және мереке күндері жұмыс жасамайтын инва-таксилердің жұмыс кестесі – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала ішіндегі еркін қозғалыстарына ыңғайсыздық жағдайларын тудыруда - дейді, жиын қатысушылары.
Өз кезегінде көтерілген бұл мәселелер толықтай тыңдалып, шешу механизмдерін іске асыру үшін «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына жолданды.
* * *
Сегодня состоялась встреча политсовета со специалистами финансовой сферы по обсуждению государственной поддержки инвалидов.
На встрече обсуждены проблемы, с которыми сталкиваются в Уральске граждане с ограниченными возможностями. Руководитель городского отдела занятости и социальных программ Ерлан Галиев подробно рассказал какие виды господдержки предусмотрены и оказываются инвалидам, включая адресную социальную помощь и открытия своего дела.
В числе поднятых участниками встречи проблем - отсутствие пандусов на некоторых остановочных павильонах и автобусов с подъемниками. Также не все учреждения и магазины обеспечены пандусами. Все это ограничивает доступ инвалидам.
