МӘМC: халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осыған орай бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалында саяси кеңес мүшелерімен және денсаулық сақтау өкілдерімен «МӘМC: халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.

Денсаулық сақтау мамандары медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің елді мекен тұрғындарына қолжетімділігі туралы әңгімеледі.
Жаңа жылдан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастағаны белгілі. Осы орайда қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін ем-шара алуда. Одан бөлек дәрі-дәрмекке қол жетімділік арта түсті. Жаңа жүйе ауыл медицинасын дамытуға да үлкен қолдау болмақ. Техника жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел –жәрдем қызметін қаржыландыру артпақ.
Саяси кеңес мүшелері ауданымыздағы медицинасына қатысты сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
