Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

МҚІСЖҚА Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов азаматтардың сұрақтарына жауап береді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен а.ж. 26 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді.

Агенттік Төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.

0
0
483

Осы тақырып бойынша