Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәңгілік елді қалыптастырудағы – 100 нақты қадам.

 

2015 жылдың 19 тамызында Зеленов ауданындағы жастар форумы аясында «Мәңгілік елді қалыптастырудағы – 100 нақты қадам» дөңгелек үстелі өтті. Шараға Департамент қызметшілері, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері, Тасқала ауданы мен Зеленов аудандарының жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатынасты.

Дөңгелек үстелде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының міндеттері, бағыттары мен іске асырылуы кеңінен талқыланды. Шара барысында Департамент қызметкерлері қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі тақырыптарында баяндамалар оқыды.

«Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сигунов  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы бойынша өз пікірін білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғам болып жұмылу керектігіне ерекше тоқталды.

Өзге де қатысушылар ой-пікірлерін білдіріп, оларға жаднама мен буклеттер таратылды.

 

 
0
0
462

Осы тақырып бойынша

Мәңгілік елді қалыптастырудағы – 100 нақты қадам. - Yvision.kz