Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – тұрақты дамудың кепілі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» Пойызы» жалпыреспубликалық акциясы бастау алды.

Акцияның негізгі мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын аймақтарда халық арасында кеңінен насихаттау, түрлі мәдени және қоғамдық шараларды ұйымдастыру, медицина, әлеуметтік салаларда консультативті қызметтер көрсету, сонымен қатар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім беру және т.б. болып табылады.

2016 жылдың 4 наурызда «Мәңгілік Ел» Пойызы» Орал қаласына келді. Акция шеңберінде достық үйінде «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шара Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ғ.Қапақовтың төрағалығымен және Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшылығының және мемлекеттік органдардың басшыларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің, этно-мәдени орталықтар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

0
0
647

Осы тақырып бойынша

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – тұрақты дамудың кепілі - Yvision.kz