Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін және Бес институционалдық реформасын насихаттау» жоба аясында шет елдерде тұратын қандастарымызға реформаларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің тапсыры негізінде  «Алем»  волонтерлық орталығы» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен қазан айының 6 – жұлдызында Алматы қаласы Қазжол қонақ үйінің конференц залында сағат 15:00 –де, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында шет елде тұратын қандастарымыздың арасында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін және Бес институционалдық реформасын насихаттау» жоба аясында шет елдерде тұратын қандастарымызға реформаларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс-шараға  Минстрлік тарапынан бас эксперт ретінде Толқын Жолдыбаевна , қазақ диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері, моңғолия, қытай елінен қоныс аударған Бахыткүл Заркұмар, Алтын Шапақ, , Дәулетберді Жөкей атты оралман оралман ақын аға-апаларымыз, шетелде тұрып жатырған бауырлар,атап айтқанда Исмаилова Шахерезада,Оразай Жеңісұлы,еліне деген сағыныштары мен наздарын жеткізе отырды, қаланың белсенді жастары мен қоғамдық жастар ұйымдар, жалпы интернет пайдаланушылар қатысқан болатын.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаттарының бірі болып

- Жастарға және жиын өкілдеріне Елбасы жолдауының мақсат-міндеттерін түсіндіру.

- Отанымыздың тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға,  ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға үлес қосу болып табылады.

Аталмыш іс шарада, модератор Дәулеткерей Кәпұлы болып, өзінің сөз шеберлігімен, тарихты тереңінен зерттеу шеберлігін айқындады.

Қатысушы жастар кеш бойы атап өткен тақырыптар бойынша көптеген мағлұматтар алды, белсенді араласты, көптеген сұрақтарға жауап тапты, ең бастысы «Қазақстан жолы»тәрбие-білім орталығының жетекшісі, жастар жаңашыры Мейірхан Жасұланның баяндамасы арқылы жолдау мен реформалардағы жастарға қатысты тармақатарды айқындап, жалынды жастардың жалынын арта түсті.

Дөңгелек үстел барысында брошюралар таратылды, арнайы бейнеролик арқылы тақырып айқындалды.

Кеш соңында жастар ұйымдастырушы тарапқа алғысын білдіріп, алғыстарын жеткізді, жалпы естелік суретке түсті.,

 
0
0
530

Осы тақырып бойынша