Мүгедектіктің себебіне қарамастан, бірінші топтағы мүгедектердің күтіміне байланысты жәрдемақыны ...
Мүгедектіктің себебіне қарамастан, бірінші топтағы мүгедектердің күтіміне байланысты жәрдемақыны енгізу және мүгедек балаларға жәрдемақыны ұлғайту туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес, мүгедектіктің себебіне қарамастан, 1-топтағы мүгедек адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақы енгізу көзделген. Заңға ҚР Президенті 2021 жылғы 12 қазанда қол қойды. Бүгінгі күні облыс бойынша бірінші топтағы 2 748 мүгедек. Заңды қабылдау нәтижесінде облыс бойынша күтім жөніндегі жәрдемақымен қосымша бөгде адамның күтіміне мұқтаж 2 мыңға жуық адам қамтылатын болады. Жәрдемақы мөлшері 1,4 ЕТК немесе 48 023 теңгені құрайды. Сондай-ақ, бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және оның қызметінің шектелуін ескере отырып, заңда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделген. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері бірдей және 1,4 ЕТК немесе 48 023 теңгені құрайды. Облыс бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 1 800 адам. Енді 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37% - ға дейін ұлғайтылатын болады. (1 топтағы мүгедек бала 65860тг (+17837тг), 2 топтағы мүгедек бала-54541тг (+6518тг), 3 топтағы мүгедек бала өзгеріссіз, яғни 48 023 теңге. Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарымен 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік санатын түзету бойынша жұмыс жүргізілді, мүгедектік белгіленді: 1 топтағы мүгедек бала-316, 2 топтағы мүгедек бала - 837, 3 топтағы мүгедек бала-647. Бұл балаларға мүгедектіктің себебі "жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар" болып өзгертілді. Заң күшіне енгеннен кейін МОДҚ-да бекітілетін болады. Сондай-ақ заңда мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады (таңдау бойынша бір ғана жәрдемақы).
***
В соответствии с Законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан» предусматрено введение пособия гражданам, осуществляющим уход за лицами с инвалидностью 1 группы, вне зависимости от причины инвалидности. Закон подписан Президентом РК 12 октября 2021 года . На сегодняшний день по области 2 748 лиц с инвалидностью первой группы. В результате принятия закона пособием по уходу по области будет охвачено дополнительно порядка 2 тыс. лиц, нуждающихся в постоянной посторонней заботе. Размер пособия будет составлять 1,4 ПМ или 48 023 тенге. Также с учетом степени нарушений здоровья и ограничений жизнидеятельности ребенка законом предусматривается разделение детей в возрасте с 7 до 16 лет по группам инвалидности. Данная мера позволит дифференцировать оказываемые реабилитационные мероприятия и социальную помощь, в том числе в части размеров пособий, в зависимости от степени тяжести заболевания детей. В настоящее время размер пособия детей инвалидов до 16 лет одинаковы и составляет 1,4 ПМ или 48 023 тенге По области детей-инвалиды от 7 до 16 лет 1 800 чел. Теперь размеры пособий для групп детей-инвалидов от 7 до 16 лет будут увеличены от 16,7% до 37%. (Ребенок инвалид 1 группа 65860тг (+17837тг), ребенок-инвалид 2 группа - 54541тг (+6518тг), 3 группа без изменений т.е. 48 023 тенге. Специалистами медико-социальной экспертизы департамента проведена работа по исправлению категории инвалидности (ИКИ) детям в возрасте от 7 лет до 16 лет, установлена инвалидность: ребенок-инвалид 1 группа- 316, ребенок-инвалид-2 группа- 837, ребенок-инвалид 3 группа- 647. Этим детям причина инвалидности изменена на «дети-инвалиды с семи лет до восемнадцати лет». После вступления в силу Закона будут утверждены в ЦБДИ. Также в законе предусматривается предоставление права на одновременное получение пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца. Это позволит повысить уровень доходов семей, потерявших кормильца и имеющих в составе детей с инвалидностью. В данное время дети с инвалидностью получают либо пособие по инвалидности либо пособие по потери кормильца (по выбору только одно пособие).
