Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мүгедектікті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай өтетін болады.

Төтенше жағдай режимінің қолданылу кезеңіне Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, сырттай нысанда «Мүгедектікті белгілеу және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті алу тетігін әзірледі. Мүгедекті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектік белгіленген күннен бастап 6 ай ішінде куәландырылатын адамды бақылау тексерумен бір жылдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электронды өтініш» сервисі арқылы берілген, электронды өтініштің негізінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар талап етілетін құжаттардың скан нұсқаларын қоса беріп өтінішті толтырады. Одан әрі өтініш Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жіберіледі. Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізгеннен кейін оның нәтижелері «Электронды өтініш» сервисі арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберілетін болады. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін және төтенше жағдай кезінде бір айдан аспайтын уақытқа келген адамдарға мүгедектік мерзімі, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектігі бойынша жәрдемақылар төлей отырып, төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартылады. Мүгедектігі белгіленген және мүгедектік мерзімі төтенше жағдай мерзімінде аяқталатын болса немесе 16 ақпаннан кейін аяқталса немесе 16 наурызда аяқталса барлығы 16 сәуірге дейін куәландыруға келмеуге болады және төтенше жағдай аяқталғаннан кейін келуге болады. 15 сәуірден 15 мамырға дейін барлық мерзімдер есептелетін болады. МӘС бөлімдеріне "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "электрондық өтініш" сервисі арқылы бірінші рет куәландыруға жіберілетін адамдар немесе төтенше жағдай аяқталғаннан кейін куәландырудан өтуге тілек білдірмейтін қайта адамдар, егер қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдайға дейін бір ай бұрын (16 ақпанға дейін) келсе, өтініш береді. Өтінішке сканерленген немесе суретке түсірілген электрондық файлдар қоса беріледі (куәландырылатын адамның өтініші, "медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама", ауру тарихынан үзінді көшірме және дәрігерлердің өткен жылғы қорытындысы). Сондай-ақ қаласаңыз, қосымша өтініште көрсетілген құжаттарды қоса беруге болады. Облыстың медициналық ұйымдарына МӘС жүргізу процедурасының өзгергені туралы хабардар етілді, медициналық ұйымдар басшылығының атына веб-портал арқылы куәландыруға адамдарды жіберуге көмек көрсету туралы ақпараттық хат жолданды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Душанова Айтжамал Қоныспайқызы ----------------------------------------------------------------- На период действия режима чрезвычайного положения Министерством труда и социальной защиты населения РК разработан механизм получения государственной услуги «Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты» в заочном формате, без посещения отдела медико-социальной экспертизы. Установление инвалидности проводится отделами медико-социальной экспертизы в соответствии с Правилами проведения медико-социальной экспертизы на срок не более одного года с контрольным осмотром освидетельствуемого лица в течении 6 мес. с даты установления инвалидности. Услуга будет предоставляться на основании электронного заявления, поданного через сервиз «Электронное обращение» на портале «Электронного правительства». Для получения госуслуги гражданин должен заполнить заявление согласно соответствующему стандарту, с приложением сканверсий требующих документов. Далее заявление направляется в Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области. После проведения медико-социальной экспертизы ее результаты будут направлены в виде ответа на заявление, поступившее через сервис «Электронное обращение». Лицам, срок переосвидетельствования которых наступил не более чем за месяц до введения чрезвычайного положения и во время чрезвычайного положения, сроки инвалидности, степень утраты общей трудоспособности, степень утраты профессиональной трудоспособности и индивидуальная программа реабилитации инвалида, продлеваются автоматически на период чрезвычайного положения cвыплатой пособий по инвалидности. Все, у кого установлена инвалидность и срок инвалидности заканчивается в срок чрезвычайного положения или закончился после 16 февраля либо закончился 16 марта вплоть до 16 апреля могут не приходить на освидетельствование и прийти после окончания чрезвычайного положения. С 15 апреля по 15 мая сроки будут зачтены. В отделы МСЭ подают заявления через сервис «Электронное обращение» на веб-портале «Электронного правительства» лица, которые впервые направляются на освидетельствование, или повторные лица, которые не желают проходить освидетельствование после окончания чрезвычайного положения, если срок переосвидетельствования наступил ранее чем за месяц до чрезвычайного положения (до 16 февраля). К заявлению необходимо приложить отсканированные или сфотографированные электронные файлы (заявление освидетельствуемого лица, «Направление на медико-социальную экспертизу», при наличии выписки из истории болезни и заключения врачей за прошедший год). Так же при желании, можно приложить дополнительно документы, указанные в заявлении. Медицинские организации области оповещены об изменении процедуры проведения МСЭ, в адрес руководства медицинских организаций направлено информационное письмо об оказании содействия в направлении лиц на освидетельствование через веб-портал. Заместитель руководителя Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области Душанова Айтжамал Конуспаевна.

0
0
478

Осы тақырып бойынша