Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру»

қажеттілігі туралы түсіндіру мақсатында ауданның еңбек ұжымдарында zoom платформасы арқылы онлайн кездесуі өтті. Жиын барысында айтылған еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматының еңбек етуге құқығы бар. Оның ішінде мүгедектер де. Кез келген топтағы мүгедектер еңбек ете алатыны бәріне мәлім, бірақ бірінші және екінші топтағыларға медициналық комиссиядан рұқсат алу керек. Жұмысқа орналасқанда мүгедектігі бар адам дені сау адаммен тең құқылы.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-бабының 1-тармағына сәйкес, ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтары мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Жалпы іс-шараның өтілу себебі мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктері мен құқықтары қатар еңбек өтілі кезінде де бірдей екендігін жұмыс беруші жандарға, түсіндіру, насихаттау болып табылады.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

«Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру» - Yvision.kz